«Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 827 Қаулысы

 «Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 827 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 42, 226-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 1 қарашадағы

№ 827 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы 21 шілдедегі

№ 441 қаулысымен

бекітілген

 

 

Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың

 тізбесі

 

Р/с №

Тауардың/субпозицияның атауы

СЭҚ ТН коды

1

2

3

2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қауіпсіздікті тексеруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салулар мен шектеулерді сақтау көзделген тауарлар

1

Қоюлатылмаған және қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған сүт және кілегей

0401

2

Қоюлатылған немесе қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған сүт және кілегей

0402

3

Пахта, іріген сүт және кілегей, йогурт, айран және өзге де ферменттелген немесе ашытылған сүт және кілегей, қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған, дәмді хош иісті қоспалары бар немесе оларсыз, жемістер, жаңғақтар немесе какао қосылған немесе қосылмаған

0403

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.