Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 88 бұйрығы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 33-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.