«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 139 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Персоналды басқару департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуын бақылау Министрліктің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.