«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 Қаулысы
(2025.10.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2044 жылға дейінгі кезеңге «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Qyzyljar» АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Qyzyljar» АЭА туралы ереже;
2) «Qyzyljar» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 11 қазандағы
№ 758 қаулысымен бекітілген
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2020.06.04. № 176 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.01.06. № 363 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2025.10.06. № 424 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Qyzyljar» АЭА) осы Ережеге қосымшаға сәйкес шектерде Петропавл қаласының аумақтық шекарасы шегінде орналасқан.
«Qyzyljar» АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 236,8 гектарды құрайды.
2. «Qyzyljar» АЭА:
1) Петропавл қаласын қарқынды дамыту;
2) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін өңірді жедел дамыту мақсатында құрылады.
ҚР Үкіметінің 2021.01.06. № 363 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.