«2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 503 шешімі (2020.23.12. берілген өзгерістермен)

2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 503 шешімі

(2020.23.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020.20.03. № 543 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.11.05. № 553 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.17.06. № 571 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.26.08. № 582 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.20.11. № 597 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.23.12. № 623 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. 2020 - 2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 76 000 033,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 34 353 283,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 108 790,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 029 332,0 мың теңге;

трансферттер түсімі - 36 508 628,3 мың теңге;

2) шығындар - 94 217 384,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 744,2 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 1 744,2 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) - - 18 219 095,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - 18 219 095,1 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсiмi - 23 579 801,2 теңге;

қарыздарды өтеу - 9 001 420,1 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 640 714,0 теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.