Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы
Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 18/212-VI шешiмi
Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/436-VI шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.