(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ АЙЛЫҚАҚЫ БЕЛГ...

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 Қаулысы

 

Осы редакция 2019 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 53-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 30 қазандағы

№ 687 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы

белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу

қағидалары

 

1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 53-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.