«Келісу комиссиясының Үлгілік ережесін және Жұмыс тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 501 бұйрығы

Келісу комиссиясының Үлгілік ережесін және Жұмыс тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 501 бұйрығы

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Келісу комиссиясының Үлгілік ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) Келісу комиссиясының Жұмыс тәртібі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 176 «Келісу комиссиясының Үлгілік ережесін және Жұмыс тәртібін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті (Е.Г. Сеитов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2024 жылғы 31 шілдедегі

№ 501 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Келісу комиссиясының

Үлгілік ережесі

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. Келісу комиссиясының осы үлгілік ережесі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Келісу комиссиясы - Заңда айқындалған тәртіппен тапсырыс беруші құратын, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.

3. Келісу комиссиясы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады. Келісу комиссиясы өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және турашылдық қағидаттарында ұйымдастырады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.