Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 5 қарашадағы № 1223 бұйрығы
(2020.04.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 61-1-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З. А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
| Министрдің м.а. | Б. Шолпанкулов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 5 қарашадағы
№ 1223 бұйрығымен
бекітілген
Республикалық бюджет бойынша болжамды
шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 61-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көлемін, нысандарын және оны жасау тәртібін айқындайды.