Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 111 Қаулысы
(2026.17.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 15-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2026.14.07. № 615 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 15-1-бабына сәйкес әзірленді және әкімшілік актілер мен әкімшілік практиканы қамтитын әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әкімшілік органдар деп орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары түсініледі.