«Ақмола облысының Бурабай ауданында казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № А-7/356 Қаулысы (күші жойылды)

Ақмола облысының Бурабай ауданында казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № А-7/356 Қаулысы

 

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шекараларда, Ақмола облысының Бурабай ауданы Щучье көлі жағалауының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аумақ казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыру үшін айқындалсын.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулылары мен қаулының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Ақмола облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облысының әкімі

Е. Маржикпаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрлігі

 

Ақмола облысы әкімдігінің

2021 жылғы 21 шілдедегі

№ А-7/356 қаулысына

1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.