«Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары, мамандары, қызметшілері, өнеркәсіптік-өндірістік персоналы санының үлгілік нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 522-н/қ бұйрығы

Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары, мамандары, қызметшілері, өнеркәсіптік-өндірістік персоналы санының үлгілік нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 522-н/қ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары, мамандары мен қызметшілері санының үлгілік нормативтері;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың өнеркәсіптік-өндірістік персоналдары санының үлгілік нормативтері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

2025 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 522-н/қ бұйрығына 1-қосымша

 

 

Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары, мамандары мен қызметшілері санының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.