Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 84 «Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі X сессиясының № 223 шешімі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, облыстық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 84 «Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3486 тіркелген, 2015 жылғы 20 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 19 қарашада «Индустриальная Караганда» № 168-169 (21919-21920), «Орталық Қазақстан» №192-193 (22077) газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
нұсқалған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және коммуналдық шаруаршылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Н.И. Иманов).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
X сессиясының № 223 шешіміне
қосымша
Қарағанды облыстық мәслихатының
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
IV сессиясының № 84 шешіміне
қосымша
Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар
тізбесі