(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РҰҚСАТТАР МЕН ХАБАРЛАМАЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫ...

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығы

(2022.16.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.29.09. № 356/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (А. Хатиев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.