«Ертіс ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 мамырдағы № 129-35-8 шешімі

Ертіс ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 мамырдағы № 129-35-8 шешімі

 

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» № 263 бұйрығына сәйкес Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ертіс ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы

Б. Шингисов

 

Ертіс аудандық мәслихатының

2025 жылғы 21 мамырдағы

№ 129-35-8 шешімімен

бекітілген

 

 

Ертіс ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі

2025-2029 жылдарға арналған жоспар

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ертіс ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 4-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.

 

 

2-тарау. Ертіс ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспар

 

3. Жоспарды әзірлеген кезде мыналар ескеріледі:

1) осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ертіс ауданының жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері.

2) осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.