Сенім білдірілген адам мен нарық субъектісі арасындағы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 6 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 210-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған сенім білдірілген адам мен нарық субъектісі арасындағы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | С. Жумангарин |
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2022 жылғы 4 сәуірдегі
№ 6 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Сенім білдірілген адам мен нарық субъектісі арасындағы шарттың
үлгілік нысаны
| ______________қ. | № ____ | 20___ж «___»________. |
«_____________», бұдан әрі «Сенім білдірілген адам» деп аталатын ______________________, негізінде әрекет ететін____________________, бір тараптан және _____________, атынан ______________________, негізінде әрекет ететін_________________, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталатындар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-1-бабының негізінде Тапсырыс берушінің экономикалық, мінез-құлықтық, ұйымдастырушылық, құрылымдық және өзге де талаптар мен міндеттемелерді орындауына сараптамалық бағалау жүргізу жөніндегі осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді::