1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (бұдан әрі – ӨБТК) шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларына ӨБТК-ге 5-қосымшаға сәйкес 2023 – 2025 жылдар кезеңіне ӨБТК бойынша мердігердің 82400000000 (сексен екі миллиард төрт жүз миллион) теңге мөлшерінде қосымша қаражат шығындарды бөлуі туралы;
жоғарыда аталған шығындарды ӨБТК шарттарында көзделген өтелетін шығандарға жатқызу туралы ұсынысына келісім берілсін.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 256 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының
әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларының
тізбесі
| № | Жобаның атауы | 2023 – 2025 жылдар барлығы |
| мың теңге |
| 1 | 2 | 3 |
| Бөрлі ауданын дамыту | 21500000 | |
| Әлеуметтік жобалар | 21500000 | |
| Білім беру | 15750000 | |
| 1. | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсай қаласында (13-шағын аудан) 575 орындық № 7 мектепті (үш ауысымдық) салу | 2400000 |