«Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 483 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (2015 жылғы 14 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:»
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары бекітілсін;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика инфрақұрылымын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;