Жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 249 және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 156-НҚ бірлескен бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 74-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2026 жылғы 20 мамырдағы
№ 156-НҚ мен
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 20 мамырдағы
№ 249 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Жерасты суларына жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу
қағидалары
1-тарау Жалпы ережелер