«Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/152-VI «Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 12/57-VІІ шешiмi

Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/152-VI «Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 12/57-VІІ шешiмi

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/152-VI «Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4519 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 бұйрығымен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентіне сәйкес әзірленді.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

ауылдық округ (бұдан әрі - ауылдық округ) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауылдық округ әкімі аппаратының шешімдерін келісу;

бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.