Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/152-VI шешiмi
(2024.20.08. берілген өзгерістермен)
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2022.18.03. № 21/102-VІІ шешiмiмен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2022.18.03. № 21/102-VІІ шешiмiмен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Г.Ауезова |
| Қалалық мәслихат хатшысы | А.Байтанаев |
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2022.18.03. № 21/102-VІІ шешiмiмен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Арыс қалалық мәслихатының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 20/152-VІ шешімімен бекітілген
Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының
регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы (бұдан әрі - регламент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентіне сәйкес әзірленді.
2. Осы регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;