«Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/152-VI «Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 21/102-VІІ шешiмi

Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/152-VI «Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 21/102-VІІ шешiмi

 

Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/152-VI «Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4519 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»;

көрсетілген шешімнің 2 тармағы алынып тасталсын;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат хатшысы

А. Байтанаев

 

Арыс қалалық мәслихатының

2022 жылғы 18 наурыздағы

№ 21/102-VІІ шешіміне қосымша

 

Арыс қалалық мәслихатының

2018 жылғы 29 наурыздағы

№ 20/152-VІ шешіміне қосымша

 

 

Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының

регламенті

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 бұйрығымен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентіне сәйкес әзірленді.

2. Осы регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.