Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығы
(2025.14.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 133 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.07.11. № 377 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.16.02. № 61 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.16.02. № 61 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.30.03. № 27 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.28.11. № 104 бұйрығымен (2025 ж. 14 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14 және 16-тармақтарына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.07.11. № 377 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.16.02. № 61 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидалары бекітілсін.