Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 335 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 25-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. «Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 555 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12114 болып келген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.