(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АСТАНА ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІН БЕКІТУ ТУРАЛ...

Астана қаласы мәслихатының Регламентін бекіту туралы
Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 219/31-V шешімі

 

Осы редакция 2019 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы мәслихатының регламенті бекітілсін.

2. «Астана қаласы мәслихатының регламенті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы № 21/2-V шешімі жойылсын.

3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Астана қаласы мәслихатының

2014 жылғы 27 наурыздағы

№ 219/31-V шешімімен

бекітілген

 

 

АСТАНА ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

РЕГЛАМЕНТІ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мәслихаттың осы регламенті (бұдан әрі - регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентіне сәйкес әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртібін, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртібін және басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.