ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Кәсіптік біліктілік туралы
(2026.07.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 128-ө өкімін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының кәсіптік біліктілікті тану саласындағы заңнамасы
3-бап. Кәсіптік біліктілікті тану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу қағидаттары
4-бап. Ұлттық біліктілік жүйесіне қатысушылар
5-бап. Ұлттық біліктілік жүйесінің базалық құралдары
6-бап. Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы
2-тарау. КӘСІПТІК БІЛІКТІЛІКТІ ТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кәсіптік біліктілікті тану саласындағы құзыреті
8-бап. Кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Салалық мемлекеттік органдардың кәсіптік біліктілікті тану саласындағы құзыреті
9-1-бап. Жергілікті атқарушы органдардың кəсіптік біліктілікті тану саласындағы құзыреті
10-бап. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес
12-бап. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер
13-бап. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган
15-бап. Кәсіптік біліктілікті тану тәртібі мен шарттары
15-1-бап. Кəсіптік біліктілікті тану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
16-бап. Кандидаттардың құқықтары
20-бап. Дағдыны немесе дағдыларды тану
21-бап. Кәсіптік біліктілікті тану туралы құжатты алу тәртібі
22-бап. Кәсіптік біліктілікті тану мәселелері бойынша апелляцияларды қарау ерекшеліктері
4-тарау. ТАНУ ОРТАЛЫҚТАРЫН АККРЕДИТТЕУ
23-бап. Тану орталықтарын аккредиттеу
24-бап. Аккредиттеу өлшемшарттары
25-бап. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау
26-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу және оның қолданысын тоқтату
5-тарау. КӘСІПТІК БІЛІКТІЛІКТІ ТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЫНТАЛАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
28-бап. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау кезінде кәсіптік біліктілікті тануды есепке алу
29-бап. Кәсіптік біліктілікті танудың ваучерлік жүйесі
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйелермен» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйелермен» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң Ұлттық біліктілік жүйесі шеңберінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік бағдарламасы - кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде белгілі бір жабдықты, әдіснаманы және (немесе) құралдарды пайдалана отырып, белгілі бір жұмыс жағдайларында білімді, машық пен дағдыны қолдануға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін пайдаланылатын шаралар кешені;
2) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
3) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі - жұмыс күшінің болжамды сұранысы мен ұсынысын айқындауға мүмкіндік беретін қолданылатын əдістер мен тəсілдер кешені;
4) информалды білім - білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;
5) кәсіп - жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) кəсіптерге қажеттіліктің өңірлік картасы - сараптамалық зерттеу əдістері негізінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекітетін, өңір үшін сұранысқа ие кəсіптер тізбесі;
6) кәсіптер тізілімі - кәсіптік біліктілікті тану жүзеге асырылатын кәсіптер бойынша электрондық нысанда жүйеленген ақпарат жиынтығы;
7) кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидат (бұдан әрі - кандидат) - өзінің кәсіптік біліктілігін тану үшін ерікті түрде, өз бетінше немесе жұмыс берушінің жолдамасы бойынша жүгінген жеке тұлға;
8) кәсіптік біліктілік - кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) кәсіптік біліктілікті тану - кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;
10) кәсіптік біліктілікті тану орталығы (бұдан әрі - тану орталығы) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, кәсіптік біліктілікті тануды жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучер (бұдан әрі - біржолғы ваучер) - тіркелген жұмыссыз адамдарға берілетін және олардың кәсіптер тізіліміне енгізілген кәсіп бойынша кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен ақысыз негізде өту құқығын куәландыратын электрондық құжат;
12) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде кәсіптік біліктілікті тану бойынша басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат - кандидаттың кәсіптік біліктілігінің белгілі бір кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындауға қойылатын талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
14) кәсіптік стандарт - формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
15) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы - Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;
16) құзырет - еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;
17) машық - кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
18) өтініш беруші - кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға;
19) салалық мемлекеттік органдар - мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
20) Ұлттық біліктілік жүйесі - біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені;
21) формалды емес білім беру - оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.
2-бап. Қазақстан Республикасының кәсіптік біліктілікті тану саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының кәсіптік біліктілікті тану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
1) мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде құқық қорғау қызметін, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілеріне;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына, мәслихат депутаттарына қолданылмайды.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар осы Заңға сәйкес кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге құқылы.
3-бап. Кәсіптік біліктілікті тану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу қағидаттары
Кәсіптік біліктілікті тану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) ақпараттың қолжетімділігі - кәсіптік біліктілікті танудан өту рәсімі туралы ақпаратқа ашық қол жеткізу;
2) ашықтық пен объективтілік - кәсіптік біліктілікті тану кезінде кандидаттар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
3) тәуелсіздік - тану орталықтарының білім беру ұйымдарынан дербес болуы.
4-бап. Ұлттық біліктілік жүйесіне қатысушылар
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
3) салалық мемлекеттік органдар;
4) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жұмыскерлердің өкілдері;
7) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган;
8) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) тану орталықтары;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
12) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Ұлттық біліктілік жүйесіне қатысушылар болып саналады.
5-бап. Ұлттық біліктілік жүйесінің базалық құралдары
1. Ұлттық біліктілік жүйесінің базалық құралдары кәсіптік біліктілікті қалыптастырудың негізін айқындайды.
2) салалық біліктілік шеңберлері;
3) кәсіптік стандарттар мен біліктілік талаптары;
4) кәсіптер тізілімі Ұлттық біліктілік жүйесінің базалық құралдары болып табылады.
3. Ұлттық біліктілік шеңбері әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіптік қызметтің жалпы сипаттамаларын және білім беру деңгейін сипаттаудан тұрады.
Уәкілетті орган білім, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеуді және (немесе) жаңартуды жүзеге асырады.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Салалық біліктілік шеңбері Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, ұлттық біліктілік шеңберінің негізінде әзірленеді және салада орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын білімнің, машықтың және құзыреттің сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды сыныптайды.
Салалық мемлекеттік органдар салалық біліктілік шеңберлерін əзірлеуді жəне (немесе) жаңартып отыруды уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүзеге асырады.
Салалық біліктілік шеңберлерін əзірлеу жəне (немесе) жаңартып отыру кезінде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі шеңберінде ағымдағы жəне алдағы кезеңдерде кəсіптердің өзектілігі, сондай-ақ кəсіптерге қажеттіліктің өңірлік карталары (бар болса) ескеріле отырып, еңбек нарығының кəсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігі есепке алынады.
Кəсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салалық мемлекеттік органдар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеуді және (немесе) жаңартуды жүзеге асырады.
Салалық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынымдық сипаттағы қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітуді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган бекітілген кәсіптік стандарттардың тізбесін жүргізуді Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында жүзеге асырады.
Салалық мемлекеттік органдар кəсіптік стандарттардың əзірленуін қаржыландыруды уəкілетті орган айқындаған кəсіптік стандарттарды əзірлеу құнын есептеу əдістемесіне сəйкес Кəсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің ұсынымдары негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) салалық мемлекеттік органдармен келісу бойынша меншікті қаражаты есебінен кәсіптік стандарттың жобасын дайындап, салалық мемлекеттік органның қарауына жібере алады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, сондай-ақ кəсіптік оқыту бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлануға және Ұлттық біліктілік жүйесін кешенді дамыту шеңберінде тиісті кәсіптік стандарттардың талаптарын ескеруге тиіс.
6. Кәсіптік біліктілікті тану жүзеге асырылатын кәсіптер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің ұсынымдары негізінде кәсіптер тізіліміне енгізіледі.
Уәкілетті орган Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында өзі айқындаған тәртіппен кәсіптер тізілімін қалыптастыруды, жаңартуды және жүргізуді жүзеге асырады.
6-бап. Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы
1. Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы - мыналарды:
1) ұлттық және салалық біліктілік шеңберлерін;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышын;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) цифрлық дағдылар банкін;
3) бекітілген кәсіптік стандарттарды;
5) тану орталықтарының тізбесін;
6) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылған, кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өткен жеке тұлғалар туралы дерекқорды;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін;
8) кәсіптік біліктілікті тану туралы берілген және күші жойылған құжаттардың тізілімін;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпаратты қамтитын цифрлық жүйе.
2. Уәкілетті орган өзі айқындаған тәртіппен Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыруды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, өзге де цифрлық жүйелермен интеграциялауды, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдауды және өңдеуді жүзеге асырады.
2-тарау. КӘСІПТІК БІЛІКТІЛІКТІ ТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кәсіптік біліктілікті тану саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіптік біліктілікті тану саласында:
1) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
8-бап. Кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган:
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес кəсіптік біліктілікті тану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) стратегиялық, реттеушілік жəне іске асыру функцияларын жүзеге асырады;
2) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның қызметін үйлестіреді;
3) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) кəсіптік стандарттарды əзірлеудің құнын есептеу əдістемесін əзірлеп, бекітеді;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) еңбек нарығының қажеттіліктерін болжау, өңірде кəсіптік стандарттарды ендіру жəне қолдану, сондай-ақ тану орталықтарын құру жəне олардың жұмыс істеуін қолдау мəселелері бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Салалық мемлекеттік органдардың кәсіптік біліктілікті тану саласындағы құзыреті
Салалық мемлекеттік органдар кәсіптік біліктілікті тану саласында:
1) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды уәкілетті органға жібереді;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырады;
4) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Жергілікті атқарушы органдардың кəсіптік біліктілікті тану саласындағы құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар кəсіптік біліктілікті тану саласында:
1) Біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру жəне Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына сəйкес тіркелген жұмыссыз адамдардың кəсіптік біліктілікті тану рəсімінен өтуге арналған шығыстарын өтеп бере отырып, оларға біржолғы ваучер береді;
2) салалық мемлекеттік органдарға кəсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ кəсіптік стандарттарды əзірлеу жəне (немесе) жаңартып отыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, үйлестіру мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан консультациялық-кеңесші орган - Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес құрылады.
Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның өкілдері, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестердің төрағалары және кәсіпкерлік субъектілері кіре алады.
2. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту басымдықтарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды;
2) ұлттық біліктілік шеңберін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің қызметі туралы ақпарат Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында орналастырылады және жарты жылда кемінде бір рет жаңартылып отырады.
11-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіптік біліктілікті тану саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіптік біліктілікті тану саласында:
1) кәсіптік біліктілікті тану ерікті негізде жүзеге асырылатын кәсіптер бойынша кәсіптік стандарттардың жобаларына қорытынды береді;
2) 2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті органға Ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) 2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер
Тиісті салаларда (аяларда) кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатымен салалық мемлекеттік органдар жанынан уәкілетті орган айқындаған тәртіппен консультативтік-кеңесші органдар - кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер құрылады.
Салалық мемлекеттік органдар уәкілетті орган бекіткен, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді.
Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің төрағасы оның мүшелері арасынан сайланады.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)