«Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 654 бұйрығы (күші жойылды)

 «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 654 бұйрығы

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шілдедегі № 288 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11620 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінің № 138 (28616) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларында:

21-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) сыйақы ставкасы жылына 0,01 % мөлшерінде белгіленеді;»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.