Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тiркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/31 бұйрығы
(2016.24.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабының 46-15) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1.Қоса беріліп отырған Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттiк тiркеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице — министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.