«Үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 606 бұйрығы

Үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 606 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 111 - бабы 6 - тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Үш құрауышты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары бекітсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 15 қазандағы

№ 606 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын

талаптар

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 111- бабы 6 - тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.