Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығы
(2019.18.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
И. Тасмағамбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А.Б. Сәрінжіпов
2016 жылғы 29 қаңтар
Қорғаныс министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 31 бұйрығымен
бекітілген