2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 20-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
20-2) мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторингті жүзеге асырады;
21) банктік құпияны, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) нарық субъектілеріне:
осы Кодекстің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
экономикалық шоғырлануды реттеу кезінде мәмілелерді бұзу немесе оларды жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттілігі;
егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту немесе жалтару бұзушылық болып табылған жағдайда, өзге нарық субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады;
23) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға осы Кодекске қайшы келетін өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды жою, сондай-ақ өздері жасасқан келісімдер мен мәмілелерді бұзу, күшін жою немесе өзгерту және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізеді;
24) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы істерді қарау бойынша сотқа қатысады;
25) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;
26) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жібереді, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелестік ортаға беру жөніндегі ұсыныстарды және мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін жаңартып отыру жөнінде ұсыныстарды жібереді;
28) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында жүргiзілетiн мемлекеттік саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етедi, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында өз қызметі туралы мәлiметтердi орналастырады;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың бағаларына сараптама жүргізеді;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгінеді;
31) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға алып келуі мүмкін әрекетті (әрекетсіздікті) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жібереді;
32) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты қоспағанда, өзінің интернет-ресурсында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдауды орналастырады;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны нарық субъектілеріне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға жібереді;
34) монополияға қарсы орган қабылдаған бәсекелестікті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме береді;
35) нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілерін әзірлейді және бекітеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 37) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
37) нарық субъектісі (нарық субъектілері) жіберетін монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларына сәйкестігін белгілейді;
38) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпаратты, монополияға қарсы органның шешімін өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
39) осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу, өзгерту және (немесе) мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз береді;
39-1) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 39-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 39-2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 39-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 39-3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторингті жүзеге асырады;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 39-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
39-4) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бастама жасалған, экономиканы қолдау, халықтың іскерлік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуын ынталандыру үшін дағдарысқа қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі қызметін қоспағанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне осы Кодекстің 194-бабында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторингті жүзеге асырады;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 39-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
39-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, республикалық мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға жекеше әріптестердің мемлекеттік функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуін көздейтін жобалар бойынша бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
40) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 90-7-бап өзгертілді
90-7-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары
Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару, оның ішінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қарау, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық туралы істерді тергеп-тексеру, экономикалық шоғырлануды реттеу және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындау кезінде, өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын және монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімін көрсеткен кезде:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардан, нарық субъектілерінен, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан жазбаша ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.
Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған тұлғалар монополияға қарсы органға сұрау салу бойынша ақпарат беру мерзімін ұзарту туралы уәжді өтінішпен жүгінуге құқылы.
Сұрау салу бойынша ақпарат беру мерзімін ұзарту туралы немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім уәжді өтініш алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қабылданады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
90-8-бап. Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы орган өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат жария етілуге жатпайды.
2. Монополияға қарсы органның қызметкерлері коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3. Монополияға қарсы органның не оның лауазымды адамдарының коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуі нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
8-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
91-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұғымы
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деп Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені түсініледі.
92-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) шағын және орта кәсіпкерлік, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік;
2) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлері;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) инновациялық қызмет;
4) сарнайы экономикалық аймақтар;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) индустриялық аймақтар;
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) қазақстандық тауар өндірушілердің кәсіпкерлігі;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің креативті индустриялар саласындағы қызметі;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) тұрғын үй құрылысы;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8) қалдықтармен жұмыс істеу;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) туристік қызмет.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзге де бағыттар бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.
93-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мынадай негізгі түрлерін қамтиды:
1) қаржылық және мүліктік қолдау;
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын, мемлекеттiк органдар жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құруды және дамытуды қамтитын институционалдық қолдау;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қаржылай емес қолдау.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлерін көздейді.
94-бап. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау
1. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау:
1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;
2) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;
3) екінші деңгейдегі банктер, ұлттық даму институттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғалар арқылы кредит беруді ұйымдастыру;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік және инвестициялық гранттар беру;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және лизинг қызметін жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және олар жасайтын лизинг мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субсидиялау;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) «жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-2) «жасыл» облигациялар, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес шығарылғандар және «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының тізіміне енгізілгендер бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
7) шығыстарды және (немесе) шығындарды өтеу және (немесе) субсидиялау;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы лизингіне ішінара кепілдік беру;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
8-2) эмитенттердің облигациялары, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне және «Астана» халықаралық қаржы орталығы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар бойынша ішінара кепілдік беру;
10) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдаудың өзге де шараларын беру арқылы жүзеге асырылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қаржылық қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшерлерін және мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да шарттарды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салалардағы уәкілетті органдар бекітеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай және мүліктік қолдау тәртібін, нысандарын, мөлшерін және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
95-бап. Жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры (бұдан әрі - арнайы қор) жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдауды ұсыну арқылы Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті сапалы дамытуға жәрдемдесу арнайы қор қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.
Арнайы қордың негізгі міндеттері:
1) микроқаржы ұйымдарының қызметін дамыту;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден және өзге де заңды тұлғалардан кредиттер, микрокредиттер, лизинг алған кезде олардың міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін, сондай-ақ эмитенттердің облигациялары, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне және «Астана» халықаралық қаржы орталығы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар бойынша кепілдік беру жүйесін құру;
4) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру, оның ішінде жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау мәселелері бойынша оқыту және консалтинг;
5) жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қолдау;
6) қаражатты екiншi деңгейдегi банктерде және өзге де заңды тұлғаларда негізделген түрде орналастыру жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген өзге де тәсілдермен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және лизинг қызметін жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және олар жасайтын лизинг мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
8) жеке кәсіпкерлік идеясын насихаттау;
9) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
10) арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер болып табылады.
2. Арнайы қордың міндеттерін іске асыру тәртібі мен шарттарын ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.
2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен 95-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 27 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
95-1-бап. Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі
1. Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі арнайы қор іске асыратын жеке кəсіпкерлікті қаржылық қолдау құралы болып табылады.
2. Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің мақсаты екінші деңгейдегі банктерден кредиттер алу үшін кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде қаржыландырудың қажетті көлемінің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Арнайы қор, жеке кəсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жəне жеке кəсіпкерлік субъектілердің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктермен келісу бойынша ол бекіткен тəртіппен арнайы қорға қосылу шартын жасасу арқылы оған қосылған өзге де заңды тұлғалар жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады.
Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу жеке кəсіпкерлік субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер үшін міндетті болып табылады.
4. Қызметін жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде жүзеге асыру үшін арнайы қор кепілдік қорының қаражатын:
1) екінші деңгейдегі банктердің жарналарының;
2) микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың, өзге де заңды тұлғалардың ерікті жарналарының;
4) арнайы қордың ішкі құжаттарында жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған кепілдік қорының қаражатын орналастырудан түсетін кірістің;
5) арнайы қордың басқару органының шешімімен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тəртіппен шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған кепілдікті шығарғаны үшін жеке кəсіпкерлік субъектілері төлейтін комиссиялардың шегінде жəне есебінен қалыптастырады.
Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тəртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша кəсіпкерлік жөніндегі уəкілетті орган айқындайды.
Кепілдік қорының қаражатын орналастыру тəртібін арнайы қордың басқару органы айқындайды.
5. Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде туындаған жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жарналардан, комиссиялардан, кепілдік қорына бюджет қаражатының түсімдерінен, сондай-ақ кепілдік қорының қаражатын орналастыру нəтижесінде алынған кірістерден арнайы қордың акциялары бойынша дивидендтер есепке жазылмайды жəне төленбейді, сондай-ақ арнайы қордың міндеттемелерін өтеу жүзеге асырылмайды.