Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдардың курсанттарына, тыңдаушыларына, қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1047 Қаулысы
(2025.03.08. берілген өзгерістермен)
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 66-бабының 5-1-тармағына, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 11-тармағына, 80- бабының 4-1-тармағына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдардың курсанттарына, тыңдаушыларына, қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.