«Жер салығының мөлшерлемелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 18-3 шешімі (2022.30.03. берілген өзгерістермен)

Жер салығының мөлшерлемелері туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 18-3 шешімі

(2022.30.03. берілген өзгерістермен)

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020.19.03. № 37-5 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.30.03. № 13-4 шешімімен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2022.30.03. № 13-4 шешімімен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2021.15.04. № 4-1 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Кодекстің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің елу пайызына жер салығының мөлшерлемелері жоғарылатылсын.

Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

3. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешім 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев

ауданы мәслихат сессиясының төрағасы

 

А. Лунин

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев

ауданы мәслихатының хатшысы

 

Т. Әбілмәжінов

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.