ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы
(2023.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексі бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 2 қаңтар
№ 81
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 2 қаңтардағы
№ 81 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық
қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің
әдеп кодексі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексі (бұдан әрі - Кодекс) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) бірыңғай әдеп қағидаттары мен мінез-құлқына қойылатын талаптарды белгілейді.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.