Су пайдаланудың 2027-2036 жылдарға арналған перспективалы лимиттерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 122-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған су пайдаланудың 2027-2036 жылдарға арналған перспективалы лимиттері белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.