«Іле ауданы Боралдай кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 шілдедегі № 29-104 шешімі

Іле ауданы Боралдай кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 шілдедегі № 29-104 шешімі

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына сәйкес, Іле аудандық маслихаты ШЕШТІ:

1. Іле ауданы Боралдай кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Іле аудандық мәслихатының төрағасы

М. Карибаев

 

Іле аудандық мәслихатының

2024 жылғы 23 шілде

№ 29 - 104 шешіміне қосымша

 

 

Іле ауданы Боралдай кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының

регламенті


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі -Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3 бабына сәйкес әзірленді.

2. Осы Үлгі регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Іле ауданы Боралдай кенті аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

3) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі Іле ауданы Боралдай кенті тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты аудан, ауылдық округ пен кент қызметінің мәселелері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.