(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
 
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан
 өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы

 

Осы редакция 2016 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Үлгі ереже) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының басшылары өз актілерін Үлгі ережеге сәйкес келтірсін және осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Астана, Ақорда, 8 шілде 2005 жыл

№ 1612

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2005 жылғы 8 шілдедегі

№ 1612 Жарлығымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының

қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы

ҮЛГІ ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын лауазымды адамдар мен олардың орынбасарларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, құқық қорғау органдары оқу орындарының және құқық қорғау органдары мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Қызметкерлерді аттестациялау (бұдан әрі - аттестациялау) - олардың кәсіби даярлығы деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау жөнінде мезгіл-мезгіл жүзеге асырылатын рәсім.

3. Аттестациялау кезінде негізгі бағалау өлшемі қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.