(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МАГИСТРАЛЬДЫҚ ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ТАБИҒИ МОН...

Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

міндетін атқарушының

2015 жылғы 29 шілдедегі

№ 573 бұйрығына 4-қосымша

 

 

Магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға

 қызметтер көрсету стандарты

 

 

1.Жалпы ережелер

 

1. Осы Магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызметтер) Табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

 

 

2. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

 

2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушылар Субъектіге белгіленген нысан бойынша және мерзімде өтінімді, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11257 тіркелген, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығымен бекітілген Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларына (бұдан әрі - Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына сәйкес құжаттарды жолдайды.

3. Магистральдық теміржол желiсiн тұтынушылардың өтініштерін Субъекті өтініш түскен күні мен уақытын, сондай-ақ берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, сол күні өтініштерді тіркеу тізіліміне тіркейді. Өтінішті қарау мерзімі мен тәртібі Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.