«Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 131 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 46 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 32986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері бөлінісінде реттеушілік актілердің жалпыға қолжетімді дерекқоры;»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4.1. Егер реттеушілік актіде кәсіпкерлік қызметтің саналуан түріне қойылатын орындалуы міндетті талаптар қамтылған жағдайда, мұндай акт қызметтің әрбір түріне арналған талаптар тізіліміне енгізілуге жатады.
Талаптар тізілімі мынадай міндеттерді шешеді:
1) талаптардың осы Кодексте көзделген оларды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің қызметті жүзеге асыруы үшін міндетті талаптардың толық тізбесі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Талаптар тізіліміне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын қоспағанда, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызметті жүзеге асыруы кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын реттеушілік актілер енгізіледі.