«Суға батқан мүлікті аластау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 217 бұйрығы

Суға батқан мүлікті аластау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 217 бұйрығы

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Суға батқан мүлікті аластау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрінің

2023 жылғы 5 сәуірдегі

№ 217 бұйрығына

қосымша

 

 

Суға батқан мүлікті аластау қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Суға батқан мүлікті аластау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 3-тармағының 55-46) тармақшасына сәйкес әзірленді, cуға батқан мүлікті аластау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) қауіп – кеме қатынасына немесе теңіз ортасын қауіп не кедергіге әкелетін, кез келген жағдай немесе төнетін қатер;

2) Порттың теңіз әкімшілігі – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.