«Мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 252 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 364 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 252 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және ақпарат ұсыну қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармағының төртінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«18. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган интеграцияланған цифрлық жүйе арқылы республикалық бюджеттің, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді қалыптастырады.»;
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-қосымшаларда орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
көрсетілген Қағидаларға 18-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.