«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 43 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 43 бұйрығы

 

ҚР Көлік министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 72 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11414 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрықтың қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.