«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын

реттеу және дамыту

Агенттігінің Басқармасының

2025 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 85 қаулыға қосымша

 

 

Бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің

 тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.