Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 19 шілде
№ 621
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 19 шілдедегі
№ 621 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Сығанақ көшесі, 66.»;
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтағы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтқаны үшін көтермелейді;»;
мынадай мазмұндағы 25-1) және 25-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«25-1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің санатына ауыстырылатын жағдайларды және тәртіпті айқындайды;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.