«Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығы (2026.10.09. берілген өзгерістермен)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мәселелері туралы

(2026.10.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Президентінің 2026.01.07. № 1337 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 21) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже бекітілсін (1-қосымша).

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп екі ай ішінде осы Жарлықты іске асыру бойынша шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізілсін.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 12 ақпан

 

               № 838

 

ҚР Президентінің 2026.10.09. № 1456 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2019 жылғы 12 ақпандағы

№ 838 Жарлығына

1-ҚОСЫМША

 

 

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін (бұдан әрі - Қауіпсіздік Кеңесі) құрады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.