Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 659 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі - осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті:
1) осы Қағидаларды мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.