Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 497-VІ «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 104-VII шешімі
Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 497-VІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4838 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиiсiнше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2021 жылға келесідей көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер – 466 491 701 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 130 180 130 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 14 034 611 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 33 347 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 322 243 613 мың теңге;
2) шығындар – 471 504 933 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру – 1 930 301 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер – 12 921 803 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу – 10 991 502 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 9 339 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 21 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 11 661 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -6 952 872 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 952 872 мың теңге:
қарыздар түсімі – 5 591 278 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 10 209 018 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 11 570 612 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Мәслихат хатшысы | А. Наутиев |
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 104-VII шешіміне қосымша
Атырау облыстық мәслихаттың
2020 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 497-VI шешіміне 1-қосымша
2021 жылға арналған облыстық бюджет
| Санаты | Сомасы (мың теңге) | ||||
| Сыныбы | |||||
| Кіші сыныбы | |||||
| Атауы | |||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
|
|
| I. Кірістер | 466491701 | ||