«Жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 315 бұйрығы

 «Жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 315 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9995 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

Жаттықтырушылар мен спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.