Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 100 бұйрығы
(2025.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2023.07.12. № 315 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2023.07.12. № 315 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2023.07.12. № 315 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.