«Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 29/134-VIII шешiмi

Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы
Түркістан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 29/134-VIII шешiмi

 

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

өнеркәсіп және құрылысы министрлігі»

 

Түркістан қалалық мәслихатының

2025 жылғы 18 сәуірдегі

№29/134-VIII шешіміне қосымша

 

 

Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау

қағидалары


1-Тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тарихи, табиғи-ландшафттық, функционалдық, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын бақылау тәртібін (бұдан әрі - Қағидалар) айқындайды.

2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) жеке тұрғын үй құрылысы - белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер учаскесінде азаматтардың өз күшімен, мердігерлік немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да әдіспен жеке тұрғын үйлер салуы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.